«Сандықтау аудандық ауруханасы» МКҚК Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы
0
Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы

2024 жылғы 15 қарашада Қарағанды қаласының №2 Балалар музыка мектебі - ЮНЕСКО клубында ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Инновациялық технологиялардың музыкалық және көркемдік білім беруді дамытудағы әсері» атты музыкалық және көркем-эстетикалық бағытта балаларға қосымша білім беру ұйымдары басшыларының республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді.

Үйлестіру кеңесіне Оқу-ағарту министрлігінің, мәдениет саласының, айтыскерлер одағының, композиторлар одағының өкілдері, ғалымдар, ҮЕҰ, музыкалық және көркемдік бағыттағы қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары қатысты.

Үйлестіру кеңесінің отырысында білім беру процесінің тиімділігін арттыру, әдістемелік жұмысты жандандыру, білім алушылардың музыкалық және көркем шығармашылыққа белсенділігін арттыру, ауылдық жерлерде қосымша білім беру сапасын жақсарту арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізу мәселелері қаралды.

Отырысқа қатысушылар арасында Қостанай қаласының БММ оркестр бөлімінің меңгерушісі, скрипка сыныбы бойынша оқытушы И. С. Стаканова спикер ретінде сөз сөйледі. Ол өз жұмысынан мысалдар келтіре отырып және әріптестерінің тәжірибесінен ақпарат бере отырып, Қостанай музыка мектебінде ата-аналардың қолдауы балалардың музыкаға деген қызығушылығын дамытуға қалай ықпал ететіні туралы айтып берді.

Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша қосымша музыкалық және көркемдік білім беру ұйымдары қызметінің одан әрі басым бағыттарын айқындайтын ұсынымдар жасалды.

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.