20 қарашада «Gard-M» ЖШС күзет бастығы С.К. Акыбаевтың, мектеп директоры Г.Б. Кучикованың және директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары Р.Б. Султангазинаның қатысуымен мектеп күзетшілерінің отырысы өтті.
Қызметкерлерге қызметті атқару бойынша лауазымдық нұсқаулықтар тағы бір рет еске салынды, Қостанай қаласындағы басқа білім беру ұйымдарында орын алған бұзушылықтардың нақты практикалық мысалдары келтірілді, лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда қызметкерлердің жауапкершілігі түсіндірілді.
Мектеп директоры Г.Б. Кучикова «Gard-M» ЖШС қызметкерлерінің жұмысына ескертулер айтып, күзет бастығы С.К. Акыбаевқа персоналдың жұмысын бақылауды күшейту қажеттігін және кемшіліктер тағы да қайталанған жағдайда мемлекеттік сатып алу порталына шағым түсіретінін ескертті.
Іс-шара нәтижелері бойынша қатысушылардың қолдарын қойғыза отырып хаттама ресімделді.