2024 ж. 25 қарашада музыка мектебінің екінші ғимаратында домбыра сыныбы бойынша оқытушы Ж. К. Уразалинаның жоспарланған ашық сабағы өтті. «Шығарманы үйрену кезеңіндегі динамикалық реңктермен жұмыс» деп аталатын сабақтың тақырыбы аспапты қолына алғаш ұстаған оқушылармен жұмыс істеу үшін қашанда маңызды және әріптестердің қызығушылығын тудырады.
Педагог 2-ші сынып оқушысы Айтмұхамбет Дінмұхамедпен жүргізілетін жұмысты көрсетті. Осы тақырыпты өтудің әртүрлі жолдары мен әдістері көрсетілді. Педагог динамикамен жұмыс істеу барысында аппликатуралық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған жаттығуларды қолданады, түсіндіруді аспапта өзі ойнай отырып көрсетумен сүйемелдейді. Мейірімге толы ахуал, сабақты балаға түсінікті тілмен түсіндіру оқушының алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетуіне көмектеседі. Сабақ соңында әріптестер жұмыстың жақсы жақтарын атап өтіп, өз ұсыныстарын берді және мұғалім мен оқушыға одан әрі табыс тіледі.
https://san-crb.kz/kz/novosti-kz/960-zh-k-urazalinany-ashy-saba-y.html#sigFreeId0d9ce6566b